ЕСІМДЕР
Атырау облысында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. 1973-1983 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының аға инженері, техникалық мөлшерлеу және еңбекті ғылыми ұйымдастыру отрядының бастығы, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. 1983-1987 жылдары - Кеңес Одағының Йемендегі мұнай барлау экспедициясының аға инженері. 1987-1991 жылдары - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, Атырау тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі терең ұңғымаларды игеру және бұрғылау технологиялары бөлімінің бастығы, Мұнай және газ басқармасының бастығы. 1993-2003 жылдары - «ҚазақТүрікМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі біріккен кәсіпорынының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «Қазмұнайтеңіз» теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының біріккен кәсіпорын үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар бірінші вице-министрі, министрі қызметтерін атқарған. 2007 жылғы тамыздан 2012 жылғы қаңтарға дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан тамыз айына дейін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. Кейіннен Атырау облысының әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы қызметтерін атқарды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Қостанай облысының Таранов ауданында туған. Рудный индустрия институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
1992-1993 жылдары - Лисаков қалалық кеңесінің төрағасы. 1993-1994 жылдары - Лисаков қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-2004 жылдары - Лисаков қалалық әкімшілігінің басшысы, әкімі. 2004-2006 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - «Сарыарқа» ӘКК директорлар кеңесінің төрағасы. 2008-2010 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметтерін атқарған. 2010-2014 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірінші вице-министрі. 2014-2016 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары. 2016-2017 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі. Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың наурызынан. 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.
2017 жылғы наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.
Атырау облысында туған. Білімі жоғары. Қазақ политехникалық институтын (Алматы) инженер-механик мамандығы және Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Форт-Шевченко қаласындағы «Маңғышлақ балық флот» басқармасында машинист көмекшісі болып бастаған.
1984 жылдан 1987 жылға дейін Маңғышлақ барлау бұрғылау басқармасында дизелші, комсомол комитетінің хатшысы болған.
1987 жылдан 1991 жылға дейін Қазақстан ЛКЖО-ның Мұнайлы аудандық комитетінің, одан кейін Ембі аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген.
1991-2009 жылдары - Маңғыстау облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Маңғыстау облыстық жастар істері, туризм және спорт басқармасы төрағасының орынбасары, Маңғыстау аймақтық баға және монополияға қарсы саясат комитеті төрағасының орынбасары, Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2009 - 2013 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының әлеуметтік және әкімшілік мәселелер бойынша орынбасары, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, одан кейін «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бас директоры болып қызмет еткен.
Қазіргі лауазымында 2013 жылдан бастап еңбек етеді.
Алматы облысында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын өндіріс автоматизациясы бойынша инженер-механик (1989); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1997); SBS Швейцария бизнес мектебін «Бизнес әкімшілігі магистрі» (Швейцария) және Халықаралық бизнес академиясын (2010) бітірген.
Ол Тараз қаласында туған. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің экономика факультетін, 2002 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хаң факультетін тәмамдаған. 2002-2009 жылдары Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі Заңнаманы, әкімшілік тәжірибе мен талап жұмыстары басқармасының бастығы, заң департаментінің бас маманы, 2010 жылы ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау басқармасының бастығы болған. 2010-2017 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ басқарма төрағасының орынбасары.
Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың шілде айынан бері.