Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Министрдің мәліметіне сүйенсек, 270 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа барады.
«Демографиялық өсім мен көші-қон үдерісі қарқын алып отырған жергілікті жерлерде 5 мың 170 балаға арналған 10 мектеп ашылды. Биыл 596 мектепке 20 млрд. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылса, соның 80 пайызының жұмысы аяқталды. Ағымдағы жөндеу 5 мың 953 мектепке қарастырылды. Олардың дайындығы 98 пайызға жетті», - дейді министр. Оның айтуынша, мектептердің жылыту маусымға әзірлігі де жоғары. Мәселен, 6 мың 80 мектеп дербес жүйемен жылытылады. Бұл ретте отынмен қамтамсыз ету 70 пайызды құрайды.