1 қыркүйекте елордада жаңа гимназия ашылады
13:03, 30 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қыркүйекте елордада Абай атындағы № 87 мектеп-гимназиясының ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа мектеп ғимараты А.Иманов және Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан.
Шараға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысады деп жоспарланған.
Іс-шараға қатысушылар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылған «Абайтану» кабинеті мен мектеп мұражайын көре алады.
Мектеп оқушылары өздерінің жобаларын «Жасыл технологиялар» және «Виртуалды ғылыми зертханалар» кабинеттерінде қонақтарға ұсынады.