1 қыркүйекте Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қыркүйек күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында болжанады.

Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.