1 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 1 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді.
— Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында-жауын — шашын (жаңбыр, қар), Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Тек солтүстікте, ҚР орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл көтеріледі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Қостанай облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде 1-4 градус аяз күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысының батысында, Алматы облысының орталығында, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі туындайды.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК синоптиктері 1-2-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.