1 мамыр күні сағат 10.00-де «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда спорттық шаралар өткізіледі. Қазақ күресі, арқан тарту, бұқа тартыс, гір көтеру, қол күрес секілді спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Кез-келген тұрғын аталмыш шараға қатысып, күш сынаса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болады, соның ішінде тұрмыстық техникалар да бар. 1 мамыр күні концерттік бағдарлама сағат 11:00-23:00 аралығында өтіп, отшашумен аяқталады. Атап айтқанда, түнгі отшашу Есіл өзенінің жағалауында, «Хан Шатыр» СОО аумағында, «Арман» дүкенінің маңындағы «Жас батыр» стадионында, «Music hall» мейрамханасының жанында және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзарда атылады.
21:08, 25 Сәуір 2015
1 мамырда елорда тұрғындары үшін спорттық шаралар ұйымдастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні аясында елордалықтар үшін бірқатар ірі мерекелік шаралар өткізіледі. Дәстүрлі мерекелік концерттер мен халықтық серуендерден өзге, қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.