Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Шектеу мерзімі:
— еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
— солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.
Шектеулер 25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.
1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00–22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
— Алматы облысы;
— Атырау облысы;
— Жамбыл облысы;
— Жетісу облысы;
— Ұлытау облысы;
— Қарағанды облысы;
— Қызылорда облысы;
— Түркістан облысы;
— Маңғыстау облысы.
1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00–21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
— Абай облысы;
— Ақмола облысы;
— Ақтөбе облысы;
— Шығыс Қазақстан облысы;
— Батыс Қазақстан облысы;
— Қарағанды облысы;
— Қостанай облысы;
— Павлодар облысы;
— Солтүстік Қазақстан облысы.
— Шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі, — делінген хабарламада.
Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Салдарынан жол жабыны бұзылып, ойықтар мен ақаулар пайда болады.
Жазғы шектеулерді сақтау:
— жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартады;
— жөндеу шығындарын азайтады;
— жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
— «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүк тасымалдаушыларды белгіленген тәртіпті сақтауға және маршруттарын шектеу режимін ескере отырып жоспарлауға шақырады, — делінген хабарламада.