Аталған әлеуметтік көмекпен 600 жуық адамды қамту жоспарлануда. «Дар» қоғамдық қоры тұрмысы төмен отбасылардың балаларына киім түрінде материалдық көмек ұсынатын болады.
Сонымен қатар, ведомствоға қарасты мекемелерде мерекелік іс-шаралар өткізілмек:
Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы - баспанасы» КММ балалардың қатысуымен «Ертегі әлемінде» атты көрініс, сайыстар, сыйлықтарды тарату және мерекелік концерт, қала бойынша ойын алаңдарына экскурсия жоспарлануда.
Астана қаласы әкімдігінің Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде балалардың қатысуымен мерекелік концерт өтіп, сыйлықтар таратылады.