Облыстық білім басқармасының дерегі бойынша шеру алдын ала белгіленген бағыт бойынша өтеді. Орталық көшелерге дауылпаздар, асатаяқтар, дабылшылар, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер тəрізді шығармашылық ұжымдар шығады. Аталмыш шара облыстың мәдени өмірінде бірегей оқиға болмақ.
Қызықты репертуарлар, музыкалық аспаптардың сазы жəне шығармашылық ұжымдардың киімдері мерекенің көркін одан сайын аша түсетін болады.
"Іс-шараның мақсаты жалпы ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру, балалар мен жастардың орындаушылық шығармашылығын қолдау мен дамыту рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбиесінің факторы ретінде маңызға ие.
«Шерудің дайындығына оқушылар, студенттер, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО ұстаздары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді ат салысуда», - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.