«Бізге мемлекеттік меншікті барынша әрі байыпты басқаруымыз қажет. Сонымен қатар 1 маусымға дейін мемлекеттік меншікке тексеру жүргізуге тиіспіз», - деді ол.
Үкімет басшысының атап өтуінше, жекешелендіру бойынша комиссия құрылған. Оған өзі жетекшілік етеді. Ал вице-премьер Қ.Келімбетов пен Қаржы министрі Болат Жәмішев аталған комиссияның мүшелері.
С.Ахметовтің сөзіне қарағанда, мемлекет меншігіндегі жылжымайтын мүлік нысандарына да тексеру жүргізілетін болады. «Тиімсіз пайдаланылатын ғимараттарды жеке секторға және әлеуметтік салаға беру қажет», - деді ол.