1 миллионға жуық қазақстандық тұмаумен және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясымен ауыруы мүмкін

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Ағымдағы жылдың мамыр айына дейін 1 миллионға жуық қазақстандық тұмаумен және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясымен ауыруы мүмкін.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансаның инфекциялық аурулар эпидемиологиясы бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Қуатбаева айтты.

Маман сондай-ақ, 2009 жылдың қазан айы мен 2010 жылдың ақпан айының аралығында А(H1N1) тұмауын жұқтырғандардың тіркелмегенін атап көрсетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Еуропада тұмау пандемиясының бірінші толқыны аяқталуға жақын.