АСТАНА. KAZINFORM - Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, жалған шот-фактуралар жазып беруді анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыс кезінде Қостанай облысында бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтады.
Мәселен, 2022 жылы Қостанай облысының аумағында 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып беруді жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде, бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 200 млн-нан астам теңге салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.