«1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты, кейбір қызмет түрлерінде ақаулар болуы мүмкін:
— аялдамалардағы ақпарат таблоларында маршруттардың келу уақыты көрсетілмеуі;
— бағдарлар қозғалысын бақылайтын мобильді қосымшаларда бағдарлар қозғалысы көрсетілмеуі (Яндекс, 2гис, Avtobys қатысты);
— мобильді қосымшалар немесе төлем терминалдары арқылы жол ақысын төлеу жүйелері», — делінген мекеме дерегінде.
ЖШС уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраған.
Айта кетейік, қоғамдық көлік бекітілген кестеге сәйкес таңғы сағат 06:00–ден бастап жұмысын бастайды.