Қазақстан Ұлттық банкі «Космос» сериясынан – «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан – «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін жариялады.
«BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығарылады.Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ұлттық банк «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін мәлім етті.Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында саудаланады.