1 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА.1 сәуір. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 1 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

1 СӘУІР, СЕЙСЕНБІ

Күлкі күні. Күлкі күнін тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның 17-сінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Бірде таңертең, Петербор тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдан оянды. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің 1-іне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды.

Әзіл-қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады.

Халықаралық құстар күні. 102 жыл бұрын (1906) құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды. Құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу осы конвенцияның негізгі қағидаларына жатады. Бүгінгі таңда құс тұмауы вирусы әлемдегі ең қауіпті ауру түрі болып отыр.

«Құс тұмауы» деген атпен белгілі - құстардың инфекциялық ауруы адамға жұғатын кәдімгі тұмаудың «А» вирусы штамдарының бірінен туындайтын көрінеді. Ғалымдардың мәлім етуінше, бұл инфекцияға құстардың барлық түрі бейім. «Құс тұмауы» вирусының 15 түрінің ішінде, әсіресе H5N1 вирусы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің ерекше алаңдаушылығын туғызып отыр. Бұл - адамдар үшін қауіпті жоғары патогенді вирус. Сондай-ақ «құс тұмауының» H5 деген жаңа бір түрі анықталды.

Иран Республикасының ұлттық мейрамы - Республика күні. 29 жыл бұрын (1979) бүкілхалықтық референдумның нәтижесі бойынша Аятолла Хомейни Иранды Ислам Республикаcы деп жариялады. Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, батысында Түркия, Иракпен, шығысында Ауғанстан және Пәкістанмен шектеседі. Солтүстігінде - Каспий теңізі, оңтүстігінде - Парсы және Оман шығанақтары. Астанасы - Теһран қаласы. Ресми тілі - парсы тілі. Мемлекеттік діні - ислам дінінің шиит тармағы. Ақша бірлігі - риал. Елді президент басқарады және ол төрт жылға сайланып, Министрлер кабинетін де басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент.

Иран 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978-1979 жылдары халықтың үкіметке қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 жылғы ақпанның 11-інде болған революция нәтижесінде шаһ үкіметі құлап, сәуірдің 1-нен бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 29-ында орнатылды.

Геолог күні - жыл сайын сәуірдің бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен белгіленген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

9 9 жыл бұрын (1915) Павлодар қаласынан Екібастұзға дейін 150 шақырымға созылған телефон желісін орнату аяқталды.

9 1 жыл бұрын (1923) «Ерік» деген атаумен қазіргі «Атырау» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашында таралымы 500 дана болған. Қазіргі атымен 1990 жылдан бастап шығады.

2 6 жыл бұрын (1988) КОКП ОК-нің, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және КСРО Министрлер кеңесінің Алматыдағы Л.Брежнев атындағы алаңның атауын Жаңа алаң деп өзгерту туралы қаулысы жарық көрді.

1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті құрылды.

1 7 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет министрлігі туралы ереже бекітілді.

15 жыл бұрын (1999) Парижде қазақ ақыны Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты эпикалық поэмасының тұсаукесері өтті.

10 жыл бұрын (2004) Астанада «Астана-Думан» сатира және юмор орталығының тұсаукесер рәсімі өтті.

9 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылды.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда «Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиясы басылып шықты. Бұдан бұрын Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихы мен қазіргі дамуы туралы әртүрлі басылымдар болғанымен, мұндай іргелі еңбек алғаш рет шығарылып отыр. Кітапта Қазақстанның маңызды ауыл шаруашылығы және өндірістік аймағы болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысы туралы көптеген мәліметтер жүйеленіп, облыстың географиялық орналасуы, әкімшілік-аумақтық бөлінісі, халқының құрамы, табиғи байлықтары, экономикасы, білім беру, денсаулық сақтау ісі, мәдениеті туралы мол мағлұматтар берілген. Энциклопедияда облыс аумағында өткен тарихи оқиғалар қамтылып, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, соғыс пен еңбек ардагерлерінің, мәдениет пен өнер өкілдерінің ғұмырнамалық мәліметтері келтірілген.

«Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиясы 11 мың дана таралыммен шықты.

8 жыл бұрын (2006) «Қазақмыс» корпорациясының жаңа тау-кен кәсіпорны Құсмұрын кенішінде кен өндіруді бастады. Ауыр руданың алғашқы жүздеген тоннасы Қарағайлы байыту фабрикасына жеткізілді. Құсмұрын кенішінің өндірістік қуаты жылына 1 миллион тонна кен өндіруге мүмкіндік береді.

8 жыл бұрын (2006) Мәскеуде шығыс аңыздарының кейіпкері Қожанасырға ескерткіш орнатылды.

7 жыл бұрын (2007) ел аумағында Қазақстан Республикасының «Ойын кәсіпкерлігі туралы» заңы күшіне еніп, соған сәйкес бұрын берілген лицензиялардың мерзімі аяқталып, ойын мекемелері енді тек ғана Қапшағай мен Бурабайда ашылатын болды.

6 жыл бұрын (2008) Алматыда белгілі қылқалам шебері, Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Суретшілер және Кинемотографистер одақтарының мүшесі Әбдірашит Сыдыханов туралы кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген шығармада Әбдірашит Сыдыхановтың 100-ден астам туындылары бар. Жоба авторы - қылқалам шеберінің қызы Зәуреш Сыдыханова. Суретшінің жеке көрмелері Ресей, Польша, АҚШ, БАӘ, Франция, Швейцария, Канада, Германия және Түркия мемлекеттерінде, сондай-ақ еліміздің өнер мұражайларында өткізілген.

5 жыл бұрын (2009) екінші қазақстандық аумақ болып табылатын Жайық өзенінің сағасы және Каспий теңізімен іргелес жағалаулар халықаралық маңыздағы су-батпақты алаптары Рамсар тізіміне енді.

Қазақстан Рамсар конвенциясына 2007 жылғы мамырда қосылды, сол арқылы өз аумағындағы су алаптарын адамзат үшін сақтап қалу міндетін өзіне алды. Бұған дейін Рамсар тізіміне Жайық алабынан басқа Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйелері де енгізілген болатын.

5 жыл бұрын (2009) елордамыздағы Бейбітшілік және келісім сарайында шетелдік қонақтардың қатысуымен халықаралық мәдениеттер және діндер орталығының таныстырылымы өтті.

Орталықтың басты міндеті халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою, төзімділіктің қазақстандық моделін насихаттау болмақ.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы болашақ опера және балет театрының іргетасына капсула қалады. Театр Сарайшық пен Тәуелсіздік көшелерінің және Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасатын болады. Жобаны «IT Engineering S.А.» атты швейцарлық компаниясының филиалы құрастырған. Ғимараттың ауданы 37,7 мың шаршы метрді құрайды. «Құрылысшылар бұл нысанның құрылысын Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына аяқтауға уәде беріп отыр. Бұл керемет театр 1200 орынға есептелінген және ол демалуға болатын әлемдегі ерекше орындардың бірі болмақ», - деді Елбасы.

23 6 жыл бұрын (1778) ирландиялық Оливер Полок американдық валютаның қазіргі белгісі $ ең бірінші ұсынды. 8 жыл өткеннен кейін доллар Америка Құрама Штаттарының ұлттық валютасы болып жарияланды.

5 8 жыл бұрын (1956) Германияның Федеральдік барлау қызметі құрылды.

5 3 жыл бұрын (1961) Днепропетровск электровоз құрастыру зауыты алғашқы өнімін шығара бастады.

4 8 жыл бұрын (1966) Сенегалда әлемде ең алғаш рет Африка өнері халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

35 жыл бұрын (1979) бүкілхалықтық референдумның нәтижесі бойынша Аятолла Хомейни Иранды Ислам Республикаcы деп жариялады.

ЕСІМДЕР

9 4 жыл бұрын (1920-1943) Кеңес Одағының Батыры БАЙМАҒАМБЕТОВ Сұлтан Біржанұлы дүниеге келді.

Ол Александр Матросовтың ерлігін қайталады, қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры (1944) атағы берілді. Ленинград майданы 67-армияның, 43 атқыштар дивизиясының 147-атқыштар полкының пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Қостанай облысының тумасы.

8 9 жыл бұрын (1925-1998) композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы ТІЛЕНДИЕВ Нұрғиса Атабайұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория), Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1952-1961 жылдары - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері. 1960-1964 жылдары - Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері. 1968-1981 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы. 1981 жылдан «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

«Алтын таулар» операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық жолымен» балетінің (Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды.

Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Астана, Алматы қалаларында Нұрғиса Тілендиев атындағы көше бар.

7 5 жыл бұрын (1939) жазушы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты САЛҒАРАҰЛЫ Қойшығара дүниеге келді.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Қостанай облыстық телерадио комитетінің редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әдебиет және өнер институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болған. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің хатшысы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің консультанты. 2001 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері болып істейді. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. Ғалым Қытайда болған жылдары қазақ халқының тарихына қатысты қытай деректерін аударып, «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «Түріктер. Жыужандар», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптар жазған. 2001 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері болып істейді.

Медальдармен марапатталған.

7 5 жыл бұрын (1939) «Қазақ» газетінің бас редакторы және құрылтайшысы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы СӘРСЕКЕЕВ Қоғабай дүниеге келді.

Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Ұлан», «Егемен Қазақстан» газеттерінің әдеби қызметкері, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы болған. 1986 жылдан «Жалын» баспасының бас редакторы, Республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, Республикалық кітап таратушылар қауымдастығының президенті, «Сақ» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. Қаламгердің «Кілт», «Қараша қаздар» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Қызыл алау», «Заманақыр» романдары жарық көрген. «Қол мерген», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Сарбаздар», т.б. пьесалары республикалық театрларда қойылған. 1999 жылы «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе Алаштың Ахметі - Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы басылған.

Францияның «SPI» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясының алтын медалімен марапатталған.

6 9 жыл бұрын (1945) тамақтану гигиенасы саласындағы қазақ ғалымы, медицина ғылымының докторы, профессор, Профилактикалық медицина академиясының академигі, Тағамтану институтының вице-президенті, Халықаралық жобалар институтының директоры ТӘЖІБАЕВ Шәміл Сағынұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын, 2-Мәскеу медициналық институтының аспирантурасын бітірген.

Ш.Тәжібаев Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің денсаулық сақтау ісіне айтулы үлесін қосқан. Емшекпен емізу және емшектен шығару мәселелері бойынша ұсыныстарын жүзеге асыру, зерттеу, өңдеу бойынша ана сүтінің бөгде заттармен ластануы, лактациялық аменорея әдісін қолдану, әртүрлі микронутриенттердің, соның ішінде темір, йод, А витамині, фоли, никотин қышқылдарының, тиамин, рибофлавиннің жетіспеушілігі және оларға саплементация мен тағамдық өнімдерді байыту сияқты 15 ірі халықаралық бағдарламалардың директоры және үйлестірушісі қызметтерін атқаруда.

200 ғылыми басылымның, оның ішінде 9 кітаптың, КСРО және Қазақстан Республикасының 12 авторлық куәліктері мен патенттерінің авторы, 10 бекітілген және қорғалған докторлық, 23 кандидаттық диссертациялардың жетекшісі.

Білім беру, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

6 3 жыл бұрын (1951) «Астана аймақтық электр желілі компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры КУШНАРЕНКО Валерий Анатольевич дүниеге келді.

Ақмола облысы Астрахан ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) бітірген. 1974-1980 жылдары - Целиноград электр желісі кәсіпорнының реле қорғаныс және автоматика қызметінің инженері, аға инженері. 1980-1999 жылдары - Целиноград (Ақмола) қалалық электр желілерінің реле қорғаныс, автоматика және байланыс қызметінің бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, бас инженері. 1999-2010 жылдары - Астана қалалық электр желілерінің бас директоры қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

6 1 жыл бұрын (1953) Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы, Қазақ КСР денсаулық сақтау ісінің үздігі РАҚЫШЕВ Меңдіғали Асылханұлы дүниеге келді.

Ресейдің Омбы облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Жезқазған облыстық қаржы басқармасынан бастаған. 1981-1992 жылдары - Қазақ КСР, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бастығы, Бас қаржы басқармасының бастығы. 1992-1996 жылдары - «Қазмедбанк» коммерциялық банкінің бастығы. 1997-2000 жылдары - Алматы қалалық қаржы басқармасының бөлім бастығы. 2000-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Алматы қалалық басқармасының бастығы. Медальмен марапатталған. Медальмен марапатталған.

5 4 жыл бұрын (1960) Президенттік оркестрдің әншісі, тенор ШАЛАБАЕВ М ұ рат дүниеге келді.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1984 жылдан бері - Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі. «Қыз Жібекте» - Төлеген, «Біржан мен Сарада» - Біржан, «Абайда» - Айдар, «Риголеттода» - Герцог, «Севиль шаштаразында» - Альмамива, «Травиатада» - Альфред, «Патшаның қалыңдығында» - Лыков, «Фаустыда» - Фауст, «Евгений Онегинде» - Ленский, «Қамар сұлуда» - Ахмет, «Богемада» - Рудольф партияларын орындады. ҚР еңбек сіңірген әртісі. М.Глинка атындағы Бүкілодақтық конкурстың дипломанты. А.Дворжак атындағы Бүкіләлемдік сыйлықтың иегері.

4 8 жыл бұрын (1966) Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің бастығы МӘТКЕНОВ Тілеген Советұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Іле ауданында туған. КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы арнайы орта милиция мектебін, КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы мектебін бітірген. 1988-1989 жылдары - Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы. 1989-1993 жылдары - Алматы қаласының Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы қалалық милиция бөлімшесінің қылмысты іздестіру бөлімінің оперөкілетті, аға оперөкілетті. 1993-1995 жылдары - Алматы қалалық ішкі істер басқармасының маңызды істер жөніндегі аға оперөкілетті, бөлім бастығының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Алатау аудандық ішкі істер департаментінің қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, Алатау ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитет басқармасының қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитеті мемлекеттік басқарма бастығының орынбасары, Бостандық аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 1997-2001 жылдары - Жетісу аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 2001-2004 жылдары - Бостандық аудандық Ішкі істер департаментінің бастығы. 2004-2008 жылдары - Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2008-2009 жылдары - Қостанай облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қаңтарынан бастап - Ақмола облысы ішкі істер департаментінің бастығы. 2012 жылғы ақпаннан - қазіргі қызметінде.

20 5 жыл бұрын (1809-1852) ұлы орыс жазушысы, драматуг, сыншы ГОГОЛЬ Николай Васильевич дүниеге келді.

Ресейдің Полтава губерниясында туған. Нежин жоғары ғылымдар гимназиясын бітірген. 1834-1836 жылдары Санкт-Петербор университетінің жалпы тарих кафедрасында, «Современник» журналында қызмет атқарды. Гоголь жас кезінен-ақ әдебиет пен кескіндеме өнеріне ынта қойып, актерлікпен де айналысты. 1829 жылы В.Алов деген бүркеншік атпен «Ганц Кюхельгартен» идиллиясын жариялады. Гоголь есімін көпшілікке кеңінен танытқан «Диканка маңындағы хутор кештері», «Миргород», «Арабески», «Тарас Бульба» шығармалары болды. Қоғамдағы «кішкентай адамның» қорлыққа толы өмірі «Шинель» повесінде психологиялық тұрғыдан терең ашылған. 1836 жылы Санкт-Петербор театрында қойылған Гогольдің «Ревизор» комедиясы қоғамдық өмірдегі елеулі оқиғаға айналды. Ол сондай-ақ «Өлі жандар» поэмасын, «Үйлену», «Ойыншылар» атты комедияларды, сондай-ақ басқа да драмалық шығармалар жазды. Жазушының діни-адамгершілік ұстанымын баяндайтын «Достарымен жазысқан хаттардың таңдаулы тұстары» деп аталатын кітабы В.Белинскийдің сынына ұшырады. Гогольдің драмалық шығармалары ХХ ғасырдың басында қазақ тіліне аударылып, ұлттық театрымыз сахнасында сан мәрте қойылды. Жазушының қазақ тілінде «Шығармаларының» 6 томдығы, «Таңдамалыларының» 2 томдығы жарық көрді.

14 1 жыл бұрын (1873-1943) орыс композиторы, өз заманының аса ірі опералық және симфониялық дирижерлерінің бірі РАХМАНИНОВ Сергей Васильевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Мәскеу консерваториясын бітірген. Композитордың 2-3 концерті, 2 симфониясы, «Сараң сері», «Франческа да Римини» опералары, «Көктем» кантантасы, оркестрге арналған поэмасы, 2 сонатасы, фортепьяноға жазылған 23 прелюдиясы мен 17 этюд-картинасы, т.б. көптеген сюита, симфония, романстары бар. Рахманинов шығармалары шынайылығымен, демократиялық бағытымен, әуен байланысымен ерекешеленеді. Музыкасы орыстың халық әндерін, әсіресе оның жанға жайлы әуенділігін бойына сіңірген.

14 1 жыл бұрын (1873-1955) француз географы, француздың «адам географиясы» мектебінің өкілі, Париж ғылым академиясының мүшесі, КСРО География қоғамының құрметті мүшесі, Сорбонна университетінің профессоры МАРТОНН Эмманюэль дүниеге келді.

Францияның Шабри қаласында туған. Ұзақ жылдар бойы Франция, Румыния, Солтүстік Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америкада далалық зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ғалым физика, география, геоморфология, климатология ғылымдарын дамытуға үлес қосқан. Ол 1938-1952 жылдары халықаралық География одағының президенті, 1952 жылдан құрметті президенті болған.

80 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресейлік тележурналист, тележүргізуші, Ресей телевизия академиясының бірінші президенті Владимир ПОЗНЕР дүниеге келді.