1 сәуірде «Бекіре-2013» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталады - ҚР ҚОҚМ

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - 1 сәуірде Қазақстанда балық қорларын, ең алдымен бекіре тұқымдас балықтарды сақтау мақсатында «Бекіре-2013» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталады.

Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды

Жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шара Жайық-Каспий бассейінінің акваториясында өтеді және балықтың көктемгі уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаумен күресуге бағытталған.

Аталған акцияға Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, қаржы, көлік және коммуникация министрліктерінің, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі, Бас прокуратура, Қаржы полициясы агенттігі, «Нұр Отан» ХДП-ның аумақтық органдары қатысады.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитетімен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мәжілістер өткізіледі, ақцияның қатысушылары - мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің іс-қимылдарын үйлестіру бойынша іс-шаралар әзірленеді.

ҚР ҚОҚМ БШК Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен Жайық-Каспий бассейінінің балық ресурстарын қорғау бойынша табиғат және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-шаралары жоспары дайындалды.

«Бекіре-2013» акциясының шеңберінде 86 инспектор, Атырау, Дамбы, Жылыой, Исатай, Махамбет, Індер, Құрманғазы балық инспекцияларында орналасқан патрульдік өзендік қайықтардың 10 бірлігі, шағын қайықтардың 21 бірлігі, автокөліктің 18 бірлігі тартылады.

20 балық қоғау бекеттері, соның ішінде 13 тұрақты және 7 жылжымалы: 12 Жайық өзені және оның сағасы бойынша, 5 Қиғаш өзені және оның сағасы бойынша, сондай-ақ 3 теңіздік жылжымалы бекеті құрылады.

Одан басқа, заңсыз ауланған балықтың тасымалдау фактілерін анықтау, жол бермеу және болдырмау мақсатында республикалық және халықаралық маңызы бар тас жолдарда Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының жол полициясы басқармаларымен бірлесе құрылған балық қорғау бекеттері қойылады. Жетуге қыйын жағалық қамысты учаскелерді бақылау мақсатында авиакөлік пайдаланылады.

Балықтың уылдырық шашу орындарына жетуді қамтамасыз ету мақсатында және заңсыз құрылған аулау құралдарын алу үшін инспекторларымен Жайық және Қиғаш өзендерін және су айдындарын күн сайын сүзу жұмыстары жүргізіледі.