1 сәуiрге дейiн алғашқы 1357 жалға берілетін пәтер үлестiрiледi - вице-премьер

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 сәуiрге дейiн алғашқы 1357 жалға берілетін пәтер үлестiрiледi. Бұл туралы бүгiн "Бәйтерек" холдингiнiң қоғамдық кеңесiнiң отырысында ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiм еттi.

Жыл соңына дейiн жалға беру мақсатында пәтерлердi сатып алу және құрылысын жүргiзу бойынша ай сайынғы жоспарлар жасалды. Наурызда алғашқы 1357 жалға берілетін пәтердi Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай және Семей қалаларында пайдалануға беремiз. "Бәйтерек" холдингi аталмыш пәтерлер бойынша келiсiмшарттар жасады және жергiлiктi органдарға пәтерлердiң мағлұматтарын жiбердi. Әкiмдiктер соған орай, үмiткерлердiң қорытынды тiзiмiн жасап бiтуi тиiс. 20 наурыз және 1 сәуiр аралығында бiз 1357 пәтердi үлестiрiп бiтуiмiз керек", - дедi ол.

Оның сөзiне қарағанда, биыл арендалық мақсатқа 78,7 млрд. теңгеге 4,7 мың шаршы метр болатын барлығы 9740 пәтер салынады және сатып алынады.

"Сондықтан пәтерлердi үлестiрудегi ашықтықты қамтамасыз етуде бiздiң қоғамдық кеңестiң рөлi орасан зор", - деп атап өттi ол.