АСТАНА
09:30-да Халықаралық EXPO көрме орталығында бизнес қауіпсіздігі мен цифрлық трансформацияға арналған екі маңызды іс-шара – Қауіпсіздік бойынша XI Kazakhstan Security Systems халықаралық көрмесі және бизнесті автоматтандыру мен технологияларға арналған Business Technology Expo халықаралық көрме-форумы өтеді.
10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
Туризм және спорт министрлігі 31 наурыз – 6 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялаған болатын.
31 наурыз – 2 сәуір: Гір көтеруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты
Жарысқа 16 өңірден 130 спортшы қатысады.