Атап айтқанда,есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 816,6 мың адам немесе 58,2%, алауыл халқының саны 7 млн 726,3 мың адам немесе 41,8% болды.
Осы жылдыңқаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғандаҚазақстанға қоныс аударғандар саны 11,3% азайған, ал елден кеткендер саны 16,9%артты. Елдің негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдеріненкелгендердің үлесі 82% және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 90,6% болды.
Елдің аумағындақоныс аударғандар саны 22,7% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халықмиграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстауоблысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650), Нұр-Сұлтан (14 104)қалалары бар.