Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл көтеріліп,жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында ауаның температурасы қатты ысиды.
Атырау облысында өте күшті ыстық болуы күтіледі.
Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.