«Ең алдымен кадр тапшылығы бар. Республика бойынша негізгі жүктеме аудандық буындағы прокурорларға түседі. Сот процестерінің 90 пайызы олардың қатысумен өтеді. Кейбір өңірде 2-3 судьяға бір мемлекеттік айыптаушыдан келеді. Бұған қоска, алқабилер соты қарайтын істер тізілімі кеңейіп келеді. 1 шілдеден бастап апелляцияда істі қараудың жаңа тәртібі іске қосылады. Мемлекеттік айыптаушыға жүктеме арта түсетін болады», - деді Берік Асылов.
Бас прокурордың пайымынша, бұл проблеманы процессуалдық прокурорлар штатын арттыру шеше алар еді.
«Біз бұл институтты қалыптастырдық. Олар шулы әрі резонансты істерге қатысу арқылы өздерінің тиімділігін көрсетті», - деді ол.