Бұл талапты бұзған жүргізушілерге айыппұл салынып, уақытша мотоциклінен айырады. Айыппұл құны 200 мың вьетнамдық донг (10 долларға жуық). Айта кетейік, вьетнамдықтардың айлық жалақысы шамамен 2 млн. донгты құрайды.
Полицейлердің айтуынша, бұл айыппұлдың жаңа түрі адамдардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлуі мақсатында енгізілді. Жол-көлік оқиғасынан көбінесе вьетнамдықтардың ең көп жүргізетін көлігіне айналған мотоциклдердің иелері ұшырайды.