«Уәкілетті мемлекеттік орган нарықпен және басқа мүдделі тараптармен энергия беруші ұйымдарды ірілендіру тетігін қайта қарау мәселесі, оның ішінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті лицензиялау тетігін енгізу пысықталуда. Бұдан басқа, электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды жою және өнімсіз делдалдарды азайту үшін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап бірыңғай сатып алушы базасында электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату тетігі енгізілетін болады», - деп жазылған вице-премьер жауабында.
Оның мәліметі бойынша 2017 жылдан бері елдегі жылумен жабдықтаушы кәсіпорындардың саны 162-ден 145-ке азайған.
«Жалпы жаңа тарифтік саясатқа (Инвестицияны тарифке айырбастау саясаты – ред.) көшу шеңберінде жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын және тозу көрсеткіші жоғары кәсіпорындарға басымдық бере отырып жыл сайын 400 млрд теңгеден жоғары инвестицияларды тарту көзделеді. Энергия беруші ұйымдардың санын қысқарту мақсатында 2017 жылы заңнамаға энергия беруші ұйымдардың қызметіне қосымша талаптар енгізілді, олар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда осы ұйымдар үшін өтемдік тарифт көрсетілген. Қабылданған шаралардың есебінен энергия беруші ұйымдардың саны 162-ден (2017 жылы) 145-ке (2022 жылы) дейін қысқарды», - дейді Роман Скляр.