1 шілде. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 1 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1958) ақын, Kazinform ХАА Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайса-Ғали СЕЙТАҚ дүниеге келді.

Фото: adebiportal.kz

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында туған. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, облыстық «Орал өңірі» газетінің тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ақынның өлеңдері баспасөз бетінде 1987 жылдан бері жарияланып келеді. Оның «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы» атты кітаптары жарық көрген. Бір топ жырлары «Қарлығаш» ұжымдық жинағына енген.

Ол республикалық «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының лауреаты, Қ.Мырза Әли атындағы облыстық мүшәйраның бас жүлдегері, Қазақ радиосы ұйымдастырған «Қазақстаным — қара шаңырағым» республикалық байқауының екінші жүлдегері болды.

«Ерен еңбегі үшін» наградасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «10 жыл Астана» медальдарімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

53 жыл бұрын (1973) Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Жұмасейітұлы ФАЙЗУЛЛИН дүниеге келді.

Фото: Қостанай облысының полиция департаменті

Торғай облысында туған. 2000 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1997-2000 жылдары Қостанай қаласы ІІБ анықтаушысы, 2000-2003 жылдары ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі аға анықтаушысы, 2003-2008 жылдары Федоров АІІБ АІІБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, 2008-2012 жылдары Федоров аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 2012-2018 жылдары Қостанай облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Экономикалық тергеу қызметі Жедел іздестіру қызметі департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары Қарағанды ​​облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2019-2023 жылдары Қарағанды ​​облысы Полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

52 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Жанар Рсбайқызы ДОСАЕВА дүниеге келді.

Фото: ҚР Үкіметі

Қостанай қаласында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Психолог, психология мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген (1999), «Тұран-Астана» университеті, психология магистрі (2018).

Еңбек жолы: 2003 жылы Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының талдау, мониторинг және жастар саясаты бөлімінің бас маманы, 2003-2007 жылдары Мемлекеттік білім стандарттары мен тестілеу ұлттық орталығының әкімшілік-талдау бөлімінің бастығы, 2008-2017 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2019-2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, 2025 жылы ҚР АЕК Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары лауахымын атқарған.

2025 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

50 жыл бұрын (1975) диплмат, Қазақстанның жапонтанушылар одағының құрметті төрағасы Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ дүниеге келді.

Фото: Egemen.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Орталық Азия университетін бітірген. Мамандығы бойынша шығыстанушы-филолог, жапон әдебиеті пәнінің оқытушысы, заңгер, PhD докторы, І хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын «NIKA SERVICE-1» ЖШС мекемесінде директор болып бастаған. 2008-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының инспекторы, ҰКП «Атамекен» Сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық департаменті секторының меңгерушісі лауазымдарында, 2015-2016 жылдары «New & Rare Resources» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. 2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болған. 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі. 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

48 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілияұлы ЕШЕНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Фото: primeminister.kz

Жамбыл облысында туған. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. 2006-2012 жылдары Индиана университетінде (АҚШ), Сингапур ұлттық универстетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк университетінің Сэндфор мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланд), Оңтүстік Корея мемлекеттік аудит институтында мемлекеттік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын өткен.

Еңбек жолы: 2000-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған. 2007-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы, 2016-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы орынбасары, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі міндетін уақытша атқарды. 2018-2019 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

2019 жылдың ақпан-сәуір айларында ҚР Білім және ғылым вице-министрі, 2019 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы, 2021-2022 жылдары Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры — басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1982) «Отбасы Банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Жандос Әлкенұлы ШАЙХЫ дүниеге келді.

Фото: qic.kz

КИМЭП ҰАО Университетін бітірген, Іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп бакалавры (2004).

Еңбек жолы: 2004 жылы «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС салық кеңесшісі, 2004-2005 жылдары «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС Кавказ және Орталық Азия бойынша талдаушы, 2005-2007 жылдары «Ситибанк Қазақстан» АҚ клиенттермен байланыс жөніндегі менеджері, 2007-2011 жылдары «Ситибанк Қазақстан» АҚ вице-президенті, корпоративтік қаржыландыру бойынша ел директоры, 2011-2013 жылдары «Ситибанк Қазақстан» АҚ Вице-президенті, Аға негізгі есеп менеджері, 2013-2024 жылдары «Ситибанк Қазақстан» АҚ филиалының директоры, басшысы, 2024 жылдан бастап – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2025 жылдың мамырынан бері.

40 жыл бұрын (1985) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы Мұрат Сейітмолдаұлы МҰХАНОВ дүниеге келді.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында туған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген (2006).

Еңбек жолы: 2006-2007 жылдары Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет басқармасының Өртке қарсы стандарттар және лицензиялау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің инженері, 2007-2009 жылдары Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өрт қауіпсіздігі нормативтерінің аға инженері, 2009-2010 жылдары Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өрт қауіпсіздігі стандарттарының бас маманы, 2010-2016 жылдары Маңғыстау облысы ТЖД Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының өрт қауіпсіздігін реттеу бөлімінің бастығы, 2016 жылы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық іс-шаралар басқармасының бастығы, 2017-2020 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, 2020-2024 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2024 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болды. 2024-2026 жылдары – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2026 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1985) Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Абай Абылайұлы НҰРЫМОВ дүниеге келді.

Фото: Facebook / ABAI AQPARAT

Алматы облысының Жаркент қаласында туған. 2015 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2022 жылы ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының магистратурасын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша, 2022 жылы Almaty Management University (AlmaU) магистратурасын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: Алматы облысының полиция органдарының әртүрлі бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2023-2025 жылдары Алматы облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдың тамыз айынан бастап атқарып келеді.

36 жыл бұрын(1990) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Абайұлы МҰХАМЕТҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Фото: ҚР Үкіметі

Алматы облысында туған. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы, International Business School Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) біліктілігі, Nazarbayev University
Мемлекеттік басқару магистрі біліктілігі бойынша бітірген.

«Қазпошта» АҚ-да байланыс операторы қызметінен атқарушы директор лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті. Деректерді басқару, ІТ-сәулет, инфрақұрылым және электрондық коммерция бағыттарына жетекшілік етті. Сондай-ақ 2010-2020 жылдары «Самұрық-Қазына қоры» АҚ жанындағы Трансформация командасында «Деректерді басқару» бағытының жетекшісі болды. 2020-2021 жылдары BI Group компаниясында техникалық директор, 2021-2022 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басқарушы директоры, 2022-2023 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, 2023-2025 жылдары ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған. 2025 жылдан бастап - «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ бас директоры. Қосымша атқарған лауазымдары: 2019-2022 жылдары – Astana International Financial Centre менторы, 2020-2022 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, 2021-2022 жылдары Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі, 2021-202 жылдары IQanat білім беру қорының менторы. 2025 жылдан бастап Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жанындағы Консультативтік-сараптамалық кеңестің мүшесі

Қазіргі қызметіне 2026 жылдың ақпан айында тағайындалды.