1 шілде күні елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады.  

Ақмола облысында 1 шілде күні батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай болып, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. 

Астанада 1 шілде күні күндіз найзағай болады.

Алматы облысында 1 шілдеде таулы аудандарда найзағай болады. Таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары болады. Алматыда 1 шілде күні өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. 

Жамбыл облысында 1–5 шілде аралығында түнгі ауа температурасы +17+22-ден +25+30-ға дейін, күндіз +30+35-тен аптап ыстық +40+45 градусқа дейін көтеріледі. Осы кезеңде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында 1 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл жағдай Шымкент пен Түркістан қалаларына да қатысты.

Атырау облысында 1 шілде күні түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысында 1 шілдеде солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 1 шілдеде найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысында 1 шілде түнде солтүстігінде найзағай болады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары. Ақтауда 1 шілде күні өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Батыс Қазақстан облысында 1 шілде түнде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай болып, бұршақ жауады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Оралда 1 шілде күні найзағай, күндіз бұршақ, жел екпіні 18 м/с болады.

Ұлытау облысында 1 шілде күні оңтүстігінде күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Ақтөбе облысында 1 шілде күні батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында оңтүстік және оңтүстік-батыс бағыттағы жел 15–18 м/с дейін күшейеді. Орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 1 шілдеде жел екпіні 15–18 м/с жетеді.

Павлодар облысында 1 шілдеде найзағай болжануда. Солтүстігі мен батысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Павлодарда 1 шілде күні найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысында 1 шілдеде солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Өскеменде 1 шілде күні найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Абай облысында 1 шілде күні батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с дейін жетеді. Шығысында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 1 шілде күні найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қостанай облысында 1 шілдеде күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай болады. Түнде солтүстігі мен шығысында тұман болады. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында 1 шілде түнде солтүстігі мен шығысында найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Петропавлда 1 шілде күні найзағай, түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысында 1 шілдеде шығысында батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. 1–4 шілде аралығында батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, солтүстігі, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 1–4 шілде аралығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында 1 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысында 1 шілдеде таулы аудандарда солтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында — жоғары өрт қаупі. Таразда 1 шілде күні төтенше өрт қаупі сақталады.