1 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде машина жасау саласын дамыту мәселелері, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптары қаралады.

10.00-де «Бейбітшілік және келісім сарайында» бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге діни тақырыпты жариялау ерекшеліктері бойынша «Діни сипаттағы мәселелерді жариялаудағы ақпараттық жұмыстың ерекшеліктері» атты оқыту семинары өтеді.

15.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Астанада «Мектепке жол акциясы» басталды» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.