«Егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бюджет қаражаты және «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қаржы институттарының қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шаралар қабылданды. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға «ҚазАгро» Холдингі бюджеттік кредит қаржысынан 60,0 млрд. теңге бағыттады»,-деді Қ. Айтуғанов.
Бұл тұрғыда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы - 36,0 млрд.теңге, «Азық-түлiк корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы - 15,4 млрд. теңге және екінші деңгейдегі банктер арқылы 8,6 млрд. теңге бағытталды.
Атап айтқанда, 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 58,6 млрд. теңгені және жалпы егістік алаңы 5,1 млн. гектарды құраған 1835 өтінім - 2567 АӨК субъектісі қаржыландырылды.
Министрлік мәліметінше, 2016 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 21,7 млн. гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар - 15,2 млн. гектарды, бидай - 12,2 млн. гектарды құрайды. Майлы дақылдар 1,9 млн. гектар, жемшөптік дақылдар - 4,0 млн. гектар, мақта - 109,3 мың гектар, қант қызылшасы - 12,1 мың гектар, картоп пен көкөніс бақша дақылдары - тиісінше 183,7 және 230,0 мың гектар алқапта орналастырылды.
Бұл ретте, 2015 жылмен салыстырғанда бидайдың алаңы 441,4 мың гектарға, дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 26,3 мың гектарға, мақта алаңы 10,1 мың гектарға, қант қызылшасы 2,7 мың гектарға ұлғайды.