Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Оның атап өтуінше, экономикалық қисынсыздығына байланысты 1 тамыздан бастап астық экспортының көліктік шығындарын субсидиялау тоқтатылады. Бұған дейін 1 тонна астықты тасымалдауға 4 мың теңге көлемінде субсидия беріліп келген еді.
Жалпы, министрдің сөзіне қарағанда, 2011-2012 маркетинг жылында Қазақстан астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 12,2 млн тонна бидайды экспортқа жөнелтті. Бұл 2010-2012 маркетинг жылындағы көрсеткіштен 2,2 есе артық. Орташа айлық астық жөнелту 1 млн. тоннаны құрады.