деп хабарлайды өзбекстандық БАҚ.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ташкенттегі дипломатиялық өкілдіктерге Өзбекстанға халықаралық тасымалдаулар тәртібінің түсіндіру нотасын жіберді.
Түсіндіруге сәйкес, 2012 жылдың 1 тамызына дейін Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша көлік тасымалдаушылардың кіруі және транзиті кірудің ақылы кестесі бойынша жүзеге асырылады, ал 1 тамыздан бастап шетелдік тасымалдаушылардың Өзбекстан аумағына тиісті рұқсатынсыз кіруіне тыйым салынады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның Өзбекстанмен «Тәжен» шекара бекетінде ағымдағы жылдың маусымында ӨР-ғы халықаралық тасымалдаулар ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, шекарадан өте алмай, 200-ден артық көлік жиналып қалған болатын.