1 тамызға дейін Астанада 2008-10 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша 338 пәтер берілмек

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - 2008-10 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында Астана қаласы бойынша 2010 жылдан бастап Сарайшық көшесінің бойында жалпы аумағы 141,45 мың шаршы метрлік 2178 пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы басталған болатын.

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогында жазды.

 2012 жылдың 1 тамызына дейін жалпы аумағы 21,6 мың шаршы метрлік 338 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

 Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін 119,8 мың шаршы метрлік 1840 пәтердің құрылысын бітіру көзделіп отыр.