1 тоннаға жуық кокаин діттеген жеріне жетпеді

АСТАНА. ҚазАпарат - Испаниядағы Валенсия жағалауынан суда қалқып жүрген, жалпы салмағы 900 келі болатын 37 сөмке кокаин табылды, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Сөмкелер суға батып кетпес үшін арнайы құрылғыларға орнатылған. Оған қоса, оларға радиомаяктар бекітілген. Содан шыққан белгілер бойынша есірткінің иелері сөмкелерді тауып алу керек болатын. Қылмыскерлердің жартысы осы сөмкелерді алуға жүзіп келе жатқан кезде қолға түсті. Айта кетейік, Испания Латын Америкасынан Еуропаға есірткі тасудың ең үлкен дәлізі болып саналады.