Қазір Бостандық ауданы полиция қызметкерлері екі адамды қағып кеткен мас жүргізушіге қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қазір осы іске байланысты сот-медициналық, тағы да басқа сараптамалар тағайындалды.
Іс материалдарына сәйкес, жүргізуші мас болған. Мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ол 8 жылға көлік жүргізу куәлігінен айрылды.
Одан бөлек, Алматы ауданаралық сотының шешімімен автокөлік иесі 20 тәулікке қамалды. Бұл - тек мас күйінде көлік басқарғаны үшін тағайындалған жаза.
Оқыс оқиға бүгін Вахтангов 2А көшесінде болған еді. Мас жүргізуші ер адам мен 1 жастағы баланы қағып, қашып кеткен.