Республиканың басым бөлігінде ауа райы Оңтүстік циклонымен анықталады, оның ықпалымен қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады, тек батысында және шеткі солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Түркістан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.