«Уақыт капсуласын» Маңғышлақты алғаш ашқандар 1967 жылдың 7 қарашасы күні «2017 жылғы ұрпақтар үшін» деп жазып орнатқан.
«Салтанатты шарада келеңсіз жағдай болмас үшін жерде ұзақ уақыт жатқан капсула ашу үшін алдын ала дайындалады. Бұған мұқият әзірлену қажет», - деп түсіндірді Гүлжазира Алдашева.
Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының айтуынша, Маңғышлақты алғаш ашқандардың жолдауы кейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады.