1 желтоқсанда ҚР Президенті Мемлекет басшысының байрағын салтанатты түрде көтеру рәсіміне қатысады
11:10, 26 Қараша 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар аясында Мемлекет басшысының
байрағын салтанатты түрде көтеру және Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімі өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Сондай-ақ Қазақстан Президенті сол күні жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысады деп күтілуде.