1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады, кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын бақыланады, жел күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде – тұман бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алакөл көліның аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.