деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, жармалар 33,8, қант - 16,4, май және тоң май - 3,8, жемістер мен көкөністер - 2, ұн 1,9 пайызға арзандады. Ал 2011 жылғы қыркүйекте оларға бағаның айтарлықтай өсуі белгіленген болатын.
Ағымдағы жылғы қыркүйекте бағаның өсімі 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда нанға 2, алкогольдік ішімдіктерге - 4, сүт өнімдеріне - 4,3, кондитерлік өнімдерге - 5,2, кофе, шай және какаоға - 5,3, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге 5,6 пайызды құрады. Сиыр еті 18,5, жылқы еті - 17, қой еті - 16,8, шошқа еті - 16,7, шұжықтар, еттен жасалған өнімдер 8,2 пайызға қымбаттады. «Жалпы аталған кезеңде азық-түлік тауарларына баға 4,4 пайызға өсті», - делінген ведомство ақпаратында.