«2014 жылдың 1 мамырда еліміздегі халық саны 17244 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтардың үлесі шамалы өсіп, 55,1 пайызға, ауылдықтардың үлесі 44,9 пайызға жетті», - деді ол.
Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, жылдың басынан бері жалпы еліміздің халық саны 0,5 пайызға немесе 84 мың адамға өсті.
«Ал 12 айдың ішінде халық саны 254 мың адамға немесе 1,5 пайызға артты. Қаңтар-сәуірде АХАТ органдарында дүниеге келген 128 мың бала тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға көп», - деді Ә.Смайылов.