АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет синоптиктері 10-12 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағы арқылы жылжитын кең антициклон республиканың басым бөлігінде көптен күткен жауын-шашынның тоқтауына алып келеді.
Түнгі температура өте төмен болса да, күндіз күн сәулесі тіпті солтүстік аймақтарда да жарқырап тұрады.
Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана суық ауа массаларының таулармен соқтығысуынан жаңбыр жауып, түнде соңы қарға ұласады.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.