10 адам көмірқышқыл газымен уланды - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысындағы жекеменшік тұрғын үй секторларында пештің дұрыс істемеуі салдарынан 10 адам зардап шекті, адам шығыны бар.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, Алматы қаласында екі оқиға Алатау ауданында және біреуі Түрксіб ауданында болды. Ауруханаға жеткізілген 8 тұрғынның ішінде жаңа туған нәресте бар.

Ал СҚО Чернозубовка ауылында көмірқышқыл газына уланған екі адамның бірі көз жұмды.