11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына арналған отырыс өткізеді.
11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Кәмелет жасына толмаған балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Наталья Мунько – Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс Бас балалар акушер-гинекологы. Онлайн баспасөз-конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі https://www.facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы https://instagram.com/rsk.astana?igshid=YmMyMTA2M2Y= ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
13.00-де «Qazaqstan» спорт кешенінде Жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
16.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі, сапасы және олардың халыққа қолжетімділігі» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м. а. Лаура Ахметниязова, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры Еркен Дәуітбаев; «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төрағасының орынбасары Гүлжан Шайхыбекова; «СК-Фармация»ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Омарова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.00-де «Астана Балет» театрында даниялық жазушы Ганс Христиан Андерсеннің қалың көпшілікке таныс ертегісі бойынша қойылған «Қар патшайымы» балеті көрсетіледі. Қойылым Элмар Бөрібаевтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.
19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Күй атасы – Құрманғазы» концерті өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» драмасы қойылады.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Баян сұлу-Қозы Көрпеш» қойылымы көрсетіледі.
19.00-де Astana Opera театрында «Батыс – Шығыс: музыкалық параллельдер» концерті өтеді.