10 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де www.senate.parlam.kz сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
12.00-де Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығының (QAMS) «QAMS бастамалар пакеті: қор нарығының құралдары арқылы ұлттық компанияларды қоғамдық бақылау» тақырыбында Zoom-конференциясы өтеді. Сілтеме. Идентификатор: 848 2500 4725. Код: 648598
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлер көрмесі және Болған Ана реконструкциясының көрмесі өтеді. Жәдігерлер Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Болған Ана кесенесінен табылды.
16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібінде елорданың кітапхана қорын жаңғырту туралы мәселелер қаралады.
19.00-де Номад Сити Холл театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қараткері Сайлау Қамиевтің режиссерлігімен «Қош махаббат» мелодрамасы қойылады.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Фархад Молдағалидің режиссерлігімен «Алтайдан ауған ел» қойылымы көрсетіледі.