10 ай ішінде инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,6 пайызды құрады

А. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 10 ай ішінде инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан IV Азаматтық форум барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Дағдарысты еңсеруге бағытталған шаралардың нәтижесінде макроэкономикалық тұрақтылық, оның ішінде ІЖӨ-нің өсімі сақталды», деді министр.

 Оның айтуынша, биылғы жылдың қазан айында инфляция деңгейі 5,3 пайызды құрады. Бұл 2008 жылдың қазан айымен салыстырғанда 3,7 пайызға төмен. 10 ай ішінде инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,6 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 11,1 пайыздық шамаға төмен.

 «Инфляция деңгейінің төмендеуі халықтық нақты табыстарының және жалақылардың өсуіне алып келді. 9 айдың ішінде халықтың жан басына шаққандағы орташа нақты табыстарының - 3,3 пайызға, ал жалақы мөлшері 2,6 пайызға ұлғаюын байқауға болады», деді Б. Сұлтанов.