«Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғаннан кейін өндіру көлемінің өсуі байқалады. Осы жылдың 10 айында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,3 млн тоннаны немесе 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 109 пайызды құрады», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы баяндаған министр.
Оның атап өтуінше, мұнай өнімдерін өндірудің 2021 жылға арналған жоспары 13,1 млн тоннаны немесе 2020 жылғы көрсеткіштің 105 пайызын құрайды.