«Ағымдағы жылдың 10 айында тауарлар экспорты мұнай мен негізгі металдардың әлемдік бағасының құлдырауы, мұнай, көмір, ферроқорытпалар және алюминий экспорты нақты көлемінің кемуі салдарынан 4,9 пайызға қысқарды», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, тауарлар импорты да мұнай өнімдері, жеңіл автомобильдер мен олардың қосалқы бөлшектері, жиһаз және кондитерлік бұйымдар импортының азаюы есебінен 14,5 пайызға төмендеген.
«Осылайша, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы 8,3 пайызға қысқарды», - деді М.Әбілқасымова.