10 айдың ішінде кәсіпорындарда 129 адам қаза тапты – Еңбек министрі
Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Талдықорғанда «Жетісу су құбыры» МКК ұжымымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ағымдағы жылдың 10 айында республика кәсіпорындарында 1069 адам зардап шекті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға төмен. Оның ішінде 129 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 22,8%-ға төмен. Егер Алматы облысы туралы айтатын болсақ, өндірістік жарақаттанудың оң динамикасы сақталуда. Ағымдағы жылдың 10 айында өңір кәсіпорындарында 24 қызметкер зардап шекті, оның 6 – ы қаза болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге артық», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.