Сондай-ақ, компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандық «Тұлпар-Тальго» зауыты жаңа 23 вагоннан тұратын құрамды рейске дайындап жатыр. Нақтырақ айтқанда, жоспар бойынша, 2 желтоқсан күні №67/68 Астана-Защита пойызы іске қосылмақ. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 29 қазанында Тұлпар-Тальго вагондарынан жасақталған құрам Алматы - Өскемен (Защита) бағытына қатынай бастаса, 28 қазанда Тұлпар-Тальго вагондарынан құралған пойыз құрамы Алматы - Шымкент бағыты бойынша жолға шықты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта 43/44 Қостанай - Алматы пойызына «фиомалық» мәртебесін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
06:15, 12 Қараша 2014
10 айы ішінде Тұлпар-Тальго пойыздарымен барлығы 730 мың жолаушы тасымалданды - ҚТЖ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 10 айы ішінде Тұлпар-Тальго пойыздарымен барлығы 730 мың жолаушы тасымалданған, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41 пайызға артып, вагондардың орташа санына есептегенде 62 пайызды құрады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.