10 елдің ең мықты гимнастшылары Астана турниріне жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Әлия Юсупова жүлдесіне «FIG» көркем гимнастика бойынша бесінші халықаралық турнир басталды, деп хабарлады astana.kz. сайты.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Малайзия, Армения, Өзбекстан, Таиланд, Сербия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Молдовадан ең мықты гимнастшылар қатысады.

Турнирдің арнайы қонақтары - Әлем, Еуропа чемпионаты, Афинадағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ирина Чащина мен Әлем және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, Бейжіңдегі Олимпиадалық ойындардың қатысушысы Ольга Капранова.

Еске салайық, Әлия Юсу́пова - 2000-2009 жж Қазақстанның абсолютті чемпионы, 12 дүркін Азия чемпионы, 2006 жылы Доха қаласында өткен Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ, 2002 жылы Кореяда Пусанда Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Турнир 22 маусымда аяқталады.