9.45-те Radisson Hotel Astana қонақ үйінде «Asia Grains&Oils Conference in Qazaqstan 2022» халықаралық конференциясы өтеді. Онда Орталық Азияның дәнді және майлы дақылдар нарығының ең ірі қатысушылары – экспорттаушылар, өңдеушілер, инвесторлар, логистиктер, талдаушылар, заңгерлер кездеседі.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.
11.00-де «Avenue» бизнес орталығында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Онда мемлекеттік кірістер органдарының келісім комиссиясының жұмысы қаралады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы «Ататүрік жадымызда» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.
19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Жетісу ән-күй мұрасы» концертін өткізеді.
19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында «Ne prosto orchestra» ұжымы «Наруто» мен «Аватар» саундтректерінен концерт ұсынады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» музыкалық-поэтикалық қойылымы көрсетіледі.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Сәкен сұңқар» тарихи драмасы қойылады.
Фото: pixel-shot.com