10 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

10.00-де "Жастар" сарайында балалар арасында грэпплингтен және грэплинг гиден Қазақстан Республикасының біріншілігі өтеді. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 800-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

10.00-де Тәуелсіздік сарайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен "Болашақ" стипендиялық бағдарламасының 25 жылдығына арналған шара өтеді.

12.00-де Назарбаев Университетінде Қазақстандағы ОАР Елшілігінде Нельсон Манделаның жүзжылдығы тойланады. 

17.00-де MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығында Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған D10 WORLD (Ди Тен Уорлд) көрмесінің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де Бүкіләлемдік диабетпен күрес күні аясында "Алматы марафонның" күзгі жарысы өтеді. 

9.30-да Бақшасарай қабылдау үйінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жыл сайынғы HACKDAY идеялар фестивалін өткізеді.